Кәсіпкерлікке үйрететін бағдарламалар жүрдім-бардым жүзеге асырылады
Тұрғындарды кәсіпкерлерлікке оқытуға арналған бағдарламалар жүрдім-бардым жүзеге асырылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді.
Кәсіпкерліктің алғышарттарын үйерететін бағдарламаларды облыстық кәсіпкерлікті дамыту басқармалары жүргізеді. Бір ғана мысал, тендер тамыз айында өткізіледі, ал желтоқсан айында олар пәлен кәсіпкерді оқыттық деп есеп береді. Яғни Мырзахметовтің сөзінше, үш айда адамды кәсіпкерлікке үйрету мүмкін емес.
Дұрысы, бизнес ашуға ниеті бар азаматтарды тәжірибе жүзінде үйрету керек. Қазір бұл мақсатта палата өкілдері 100 жобаны іріктеп алып, ауыл кәсіпкерлеріне ұсынғалы отыр. Сондай-ақ жыл соңына дейін палата өкіллерінің құрылтайын өткізу жоспарланған.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ, Президент Жолдауында айтылған мәндеттерді жүзеге асыру үшін арнайы стратегия түзуді қолға алған.
Абылай Мырзахметов. ҚР Ұлттық кәсіпкерлік палатасының басқарма төрағасы:
Наурыз айында біз өзіміздің алқа отырысымызда стратегиямызды жариялаймыз. Маусым айында Ұлттық палатананың тұңғыш съезі болады. Осы құрылтайда өзіміздің бесжылдық стратегиямызды жан-жақтан келген кәсіпкерлермен бірігіп талқылаймыз, деп жоспарлап отырмыз.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық қос палуан әлем чемпионы
15.10.2026, 13:17
Жазушы Сайын Мұратбеков мұрасы ұлықталды
15.10.2026, 13:15
Мектепте гаджетті шектеу ұсынылды
15.10.2026, 13:13
Астанада онкологтар бас қосты
15.10.2026, 13:10
Екі елді жалғайтын көпір 12 жылдан соң ашылды
15.10.2026, 13:08
Екі кемеге снаряд тиіп, суға батты
15.10.2026, 13:07
Қазақстандық ғалымдар суперкомпьютер жасауға үлес қосты
15.10.2026, 13:05
«Миранда қағидасы» азаматтардың құқығын қорғайды
15.10.2026, 13:03