АҚШ экономикасы долларды күшейтті
Ресей валютасы осы айдың өзінде доллармен салыстырғанда 7 пайызға жуық арзандап, құлдыраудан рекорд көрсетіп отыр. Салыстырып көрсек, рубль былтыр 12 айда мұнша құн жоғалтқан болатын.
Бұл жағдай қарапайым халықтың тұрмысына кері әсер ете бастады. «Азық-түлік пен жанармай және қызмет түрлері қымбаттап барады», - дейді Мәскеу тұрғындары. Бірақ, Ресей қаржы министрлігінің мәлімдеуінше, рубльдің әлсіреуі уақытша құбылыс.
Айта кетсек, осыған ұқсас ахуал Түркия, Бразилия, Үндістан, Аргентина, Оңтүстік Африка Республикасында да қалыптасып отыр.
Мәселен, түрік лирасының нарқы жыл басынан бері доллардың жанында 12 жарым пайызға төмендеген. Ұлттық валютаны қайта күшейту үшін елдің орталық банкі пайыздық ставканы айтарлықтай көтеруге мәжбүр болды.
Сарапшылардың пікірінше, доллардың күшеюі АҚШ экономикасының бірнеше айдан бері тоқтаусыз өсуімен байланысты.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық қос палуан әлем чемпионы
15.10.2026, 13:17
Жазушы Сайын Мұратбеков мұрасы ұлықталды
15.10.2026, 13:15
Мектепте гаджетті шектеу ұсынылды
15.10.2026, 13:13
Астанада онкологтар бас қосты
15.10.2026, 13:10
Екі елді жалғайтын көпір 12 жылдан соң ашылды
15.10.2026, 13:08
Екі кемеге снаряд тиіп, суға батты
15.10.2026, 13:07
Қазақстандық ғалымдар суперкомпьютер жасауға үлес қосты
15.10.2026, 13:05
«Миранда қағидасы» азаматтардың құқығын қорғайды
15.10.2026, 13:03