Бизнестің дамуын көздейтін келісімшарт
Бүгін Астанада Қаржы полициясы агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбеков пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұдан былай тараптар еліміздегі бизнестің дамуы жолында бірлесіп жұмыс істемек.
Маңызды құжатта қоғамдағы жегі құрт - сыбайлас-жемқорлыққа жол бермеу, олардың алдын алуға бағытталған тірліктердің тетіктерін түзіп, тінін тарқату көзделген. Тимур Құлыбаев: «Меморандумның тиімді тұсы орган мен палата арасында тұрақты әрі шұғыл ақпарат алмасу, бизнес пен мемлекеттің өзара әрекет ету мүмкіндіктерін кеңейтуді мейлінше қарастыруында жатыр», деп баса айтты.
Ең бастысы, келісімшарт кәсіпкерлерге заңсыз тексеру жүргізу фактілеріне жол бермеудің жүйелі шараларын қамтиды. Ал, бұл салықтық және кедендік дауларды, яғни аппеляцияларды сотқа дейін жеткізбей реттеуге зор септігін тигізбек.
Абылай Мырзахметов, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы:
Елбасының тапсырмасымен Ұлттық палатамен бірігіп, кәсіпкерлердің мүддесін қорғап жатыр. Нақты-нақты іс-әрекет. Біз ақпарат жинап жатырмыз. Ақпаратты таратады. Кеше 700 миллионға Кеден саласы үлкен инвестордың затын алып қоя жаздаған. Бас прокуратураның көмегімен, Жоғарғы сот, төменгі соттың шешімін қайтарып, сол 700 миллион тұратын тауарды иесіне қайтарып берді. Осындай фактілер көп.
Алмат ӘБДІРАМАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат жаңа форматта өтті
30.07.2026, 10:18
Каспий теңізінің ластануы туралы фильм көрсетілді
30.07.2026, 10:10
Президент семсерлесуден Әлем чемпионы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады
30.07.2026, 10:05
«Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі басталды
30.07.2026, 10:01
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10