Туризмді қытайлық саяхатшылар есебінен дамытуға болады
Бүгінде Қытай туризмнен әлем көшбасшысы атанып отыр. Мұнда жылына халықаралық туризмге 100 миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде қаражат жұмсалады.
Бұл - бүкіл әлем бойынша туризмге жұсалатын қаржының 10 пайызы. Еліміздің Туризм индустриясы қауымдастығының президенті Гаухар Жеңісбектің айтуынша, қытайлық саяхатшылар - Қазақстан туризмінің ең басты тұтынушысы.
Сондықтан, еліміздің туризм саласын қытайлықтардың сұранысына сай етіп дамыту қажет. Халықаралық туризмнің төңірегіндегі осы және басқа да мәселелерді қауымдастық мамандары қытайлық әріптестерімен бірлесіп талқылады.
Гаухар Жеңісбек, Ұлттық туризм индустриясы ассоциациясы президенті:
Қытайлар Қазақстанға тек бизнеспен айналысуға емес, туристік мақсаттарда келуі керек. Қытайлық әріптестеріміз де бұл ойымызды құптап, елімізді жаңа туристік бағыт ретінде қарастырып отыр. Біз бүгіннен бастап, қытайлық туристің сұранысына сай өнімдерді, туристік бағыт-бағдарларды бірлесіп ойластырудамыз. Бұл - еліміздегі туризмді дамытуға жақсы мүмкіндік.
Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат жаңа форматта өтті
30.07.2026, 10:18
Каспий теңізінің ластануы туралы фильм көрсетілді
30.07.2026, 10:10
Президент семсерлесуден Әлем чемпионы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады
30.07.2026, 10:05
«Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі басталды
30.07.2026, 10:01
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10