«Нұр Отан» партиясы «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» атты қайырымдылық жобасын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұр Отан» партиясы «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» атты қайырымдылық жобасын өткізді

22.08.2017

«Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ». Бүгін осындай атаумен «Нұр Отан» партиясы жағдайы төмен отбасылардың балаларына керемет демалыс сыйлады. 80-нен астам оқушыны ойын-сауық орталығына апарып, дельфиндер шоуын көрсетті, аттракциондарға тегін билет ұсынды. Демалыспен қоса, «Мектепке даярлық» акциясы аясында осы бүлдіршіндерге оқу құралдары мен мектеп сөмкелері табысталды. Шараның өткізілуіне «Қазақтелеком», «Қазпошта», «Қазақстан темір жолы» сынды компаниялар да демеушілік жасаған. Акцияны ұйымдастырушылардың айтуларынша, мұндай қайырымдылық жобалары балалардың оқуға деген ынтасын арттырмақ.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу