«Бақытты балалық» акциясы аясында елордадағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сертификаттар табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бақытты балалық» акциясы аясында елордадағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сертификаттар табысталды

07.07.2015
«Бақытты балалық» акциясы аясында елордадағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сертификаттар табысталды

Бүгін Елордадағы жетімдер үйінің бір топ тәрбиеленушілері болашақта жоғары оқу орнына тегін түсуге мүмкіндік беретін арнайы сертификаттарға ие болды.

Игі іс «Нұр Отан» партиясының «Бақытты балалық» акциясы аясында жүзеге асты.

Былтыр бас партия акция шеңберінде 7 мыңға жуық балаға екінші деңгейлі банктерден салым ашқан болатын.

Биыл ата-ана қарауынсыз қалған бүлдіршіндерге мемлекеттік білім жинақтау жүйесі бойынша білім алуға мүмкіндік беретін 3 мыңға жуық салым ашуды көздеп отыр.

 

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

 

 

Хабарламаларға жазылу