Н.Назарбаев: Отбасы - береке-бірліктің қайнар көзі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Назарбаев: Отбасы - береке-бірліктің қайнар көзі

19.09.2014
Н.Назарбаев: Отбасы - береке-бірліктің қайнар көзі

Отбасы - береке-бірліктің қайнар көзі. Бұл туралы бүгін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты шара барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Баршаңызды елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы» деп аталатын  байқаумен құттықтаймын. Өздеріңіз білесіздер, былтыр  менің тиісті Жарлығыммен  қыркүйектің 2-ші жексенбісі «Отбасы күні» мерекесі деп белгіленген болатын. Бақытты балалық шақ пен алаңсыз қарттық әрбір шаңырақтың шаттығы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі cтратегиясының ең басты мақсаттарының бірі болып саналады. «Отбасы - береке-бірліктің қайнар көзі. Отбасының бірлігі - Отанның бірлігі. Ағайынның татулығы - атамекеннің тұтастығы» деп атам қазақ бұрыннан айтқан болатын», - деді Елбасы жеңімпаздарды марапаттау шарасы барысында.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, елімізде жас ұрпақтың білімі, денінің сау болуы, әрбір отбасының мызғымас берік болуы, қарттардың зейнетті өмір кешуі үшін барлық жағдайды жасап келеді.

Айта кетейік, марапаттау рәсіміне аймақтық турлардан жеңіп шыққан 16 отбасы қатысады. Жалпы, конкурста еліміздің барлық өңірлерінен 1 298 отбасы бақ сынаған болатын.

Хабарламаларға жазылу