Мұнай өңдеу зауыты Маңғыстауда салынбақ
Жолдауда Президент елімізде төртінші мұнай өңдеу зауытын салу қажеттігін де айтқан болатын. Мұндай ірі жобаны тұрғызуға Маңғыстау өңірі әбден лайық. Бұл туралы облыс активінің басқосуында айтылды.
Елдегі мұнай қорының 25 пайызы, яғни 2,6 миллиард тонна қара алтын - Маңғыстаудың жер қойнауында. Алда оны игеру және өңдеу міндеті тұр. Демек мұнай-газ байлығымен көш бастаған облыста зауыттың тұрғызылғаны жөн. Оған өңірдегі инфақұрылымның да мүмкіндігі жетеді. «Өзен-Түркіменстан», «Бейнеу-Жезқазған» сияқты теміржолдар мен Ақтау, Баутин, Құрық порттары өңделген мұнайды экспорттауға да қауқарлы. Ақтаудағы еркін экономикалық аймақта инвесторлар мұнай өндіруге қажетті құралдар шығаратын зауыт салып бермекші.
Алик Айдарбаев, облыс әкімі:
Мұнай-газ саласына маманданған Маңғыстау дәл осы өндіріс ошағын тұрғызуға лайықты аймақ деп есептеймін. Сондықтан, менің тапсырмаммен осы жобаға арналған жұмыс тобы құрылды. Ғалымдар мен атақты мұнайшылар, экономистер мұнай өңдеу зауытын салуға қатысты зерттеулермен айналысуда.
Жазира ӘБІЛ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат жаңа форматта өтті
30.07.2026, 10:18
Каспий теңізінің ластануы туралы фильм көрсетілді
30.07.2026, 10:10
Президент семсерлесуден Әлем чемпионы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады
30.07.2026, 10:05
«Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі басталды
30.07.2026, 10:01
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10