Щучинск тұрғындарын мазалаған кей мәселелер Мәжіліс депутаты Владислав Косаревпен кездесу кезінде-ақ шешімін тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Щучинск тұрғындарын мазалаған кей мәселелер Мәжіліс депутаты Владислав Косаревпен кездесу кезінде-ақ шешімін тапты

15.08.2017

Ақмола облысына қарасты Щучинск қаласы тұрғындарын мазалаған кей мәселелер Мәжіліс депутаты Владислав Косаревпен кездесу кезінде-ақ шешімін тапты. Халық қалаулысы Бурабай ауданы жұртшылығы алдында жыл басынан бері сайлаушыларынан түскен 700-ден астам арыз-шағымның әрқайсысы мұқият қаралып, шешімін табатынын айтты. Депутат өңірдегі өзге де өзекті проблемаларды да назардан тыс қалдырмады. Жұмыспен қамту, жылу, жол салу, ауданның абаттандырылуы, көшелердің жарықтандырылуы, коммуналдық қызмет сапасы тәрізді мәселелер көтерілді. 

Хабарламаларға жазылу