Мәжіліс депутаттары Макинск қаласына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары Макинск қаласына барды

21.07.2021

Мәжіліс депутаттары Ақмола облысының Макинск қаласында болып, бірнеше кездесу өткізді. Аграрлы аймақта биыл астықтың шығымы тө мен болатын сыңайлы. Десе де, өнімді жинап , сақтау үшін кәсіпорындар дайын. Аймақта өндіріс дамып келеді. Биыл күзде тәулігіне 600 тонна дайын өнім шығаратын май зауыты ашылады деген жоспар бар . Кәсіпорында жұмыс істейтін мамандар қажет. Кадр тапшылығы өткір мәселе. Сондықтан зауыт өз қаржысына қаладағы ескі үйлерді қалпына келтірмек. Депутаттарға осы жәйттер баяндалды. Жергілікті мәслихат депуттарымен кездесу кезінде «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының өңірлерде орындалу барысына тоқталды.

Юлия Кучинская, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Қазір арнайы электронды бағдарлама әзірленіп жатыр. Ол арқылы "Нұр Отан" партиясының сайлауалды бағдарламасындағы міндеттердің орындалуын бақылай аламыз. Ол жерде қанша жиын өтті деген сияқты құрғақ сандар ғана емес, нақты атқарылған жұмыстар көрсетіледі. Қандай нәтижеге қол жеткіздік, қай мәселелер әлі де бар екендігін көре аламыз.

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу