ОҚО-да Мәжіліс депутаттары халықпен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-да Мәжіліс депутаттары халықпен кездесті

22.07.2014
ОҚО-да Мәжіліс депутаттары халықпен кездесті

Халықтың жайын біліп, өңірлердің тыныс-тіршілігін көру үшін  Мәжіліс депутаттары қазір қала, ауылдарды  аралап жүр. Осындай кездесулердің бірі бүгін Оңтүстк Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында өтті.

Шалатай Мырзахметов пен Ұласбек Сәдібеков алдымен Тұрбат ауылындағы жылыжайлардың жұмысымен танысып, мал бордақылайтын шаруа қожалығын аралап көрді.

Диқандармен сөйлесіп, малшылардың мәселесін тыңдады. Аудан орталығында қоғамдық қабылдау өткізіп, жергілікті тұрғындардың шешімін таба алмай отырған мәселелерімен танысты.

Солардың бірі - мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына бөлініп жатқан субсидияларға қол жеткізудің қиындығы. Қазығұрттықтарды мазалаған тағы бір мәселе үй іргесіндегі жерлерді беру жайлы Заң.

Бөлінген жер телімдеріне екі жылда баспана салынбаса,  кері қайтарылады. Осыны алға тартқан ауылдықтар жер Кодексіне өзгеріс енгізуді сұрайды.

Шалатай Мырзахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Барлық мәселелер бойынша халықпен сөйлестік. Барғаннан кейін сол ұйымдардың басшыларымен келісе отырып, шешу үшін жұмыс істейтін боламыз. Ал, біздің келгендегі негізгі мақсатымыз - жоғарыда көрсетілген мәселелердің өңірге жетудегі кедергілерін білу еді. Көз жеткіздік.

Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу