Түркістанда Орталық Азия мемлекеттерінің алғашқы парламентаралық форумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда Орталық Азия мемлекеттерінің алғашқы парламентаралық форумы басталды

09.02.2023

Бүгін Түркістанда Орталық Азия мемлекеттерінің бірінші Парламентаралық форумы басталды. Екі күнге жалғасатын жиында парламентаралық қатынастарды кеңейтудің басым бағыттары мен біртұтас рухани-мәдени кеңістікті дамытудың өзекті мәселелері талқыланады. Сондай-ақ еліміздің оңтүстігіндегі 3 млн-нан астам халықты мазалаған трансшекаралық су мәселесі, экологиялық және энергетикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету сияқты аймақтағы өзекті мәселелер шешімін табады деп күтілуде.

Максим Споткай, ҚР Парламенті Сенатының аппарат жетекшісі:

Орталық Азия елдері үшін ортақ мәселелер бар деп айтсақ артық болмайды. Шынымен де су, әлеуметтік мәселелер бар ортақ. Одан бөлек, саяси-экономикалық басқа да мәселелер. Дегенмен оларды шешу үшін тек Үкімет қана, болмаса мемлекет басшылары ғана, қоғам ғана емес, депутаттар да бірге жұмыс істеуге дайын екенін көріп отырмыз.

Айнұр Ақбаева, Еркін Оразбаев

Хабарламаларға жазылу