Ақтөбе облысында салықтан жалтаратын кәсіпорындар көп
Өткен жылы салықтан жалтаратын кәсіпорындар кесірінен бюджетке 60 миллиард теңге шығын келді. Өңірде кірістерін жасырып, жалған кәсіпкерлік арқылы қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырып отырған 2 қылмыстық топ ұсталып, 16 іс қозғалды.
Өңірде әзірге, мемлекет қазынасына 8 миллиард теңге қайтарылды. Қылмыстық іс мұнай саласының төңірегінде көп. Оларды анықтау оңай болмай тұр. Прокурорлар «көлеңкелі» экономиканың жолын кесу үшін Салық басқармасындағы құрылымдар біріге жұмыс жасау керек, деген ұсыныс айтты.
Маратбек Мырзамұратов, Ақтөбе облысы прократурасының басқарма бастығы:
Бір заңды тұлға тиісті басқа құрылымдыққа өзін банкрот деп тану үшін құжаттар берген уақытта, ол жалған кәсіпкерлікті анықтау бағытында жұмыс істейтін басқармаға берілуі керек. Олар тиісті қорытындысын шығарып, заңды тұлғаның іс-әрекетінде ешқандай жалған кәсіпкерлік фактілер жоқ, деп құжат берген жағдайда ғана, тиісті уәкілетті басқарма сотқа жүгінуі керек.
Әлия ТАЛАСОВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат жаңа форматта өтті
30.07.2026, 10:18
Каспий теңізінің ластануы туралы фильм көрсетілді
30.07.2026, 10:10
Президент семсерлесуден Әлем чемпионы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады
30.07.2026, 10:05
«Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі басталды
30.07.2026, 10:01
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10