Ислам даму банкінің өңірлік форумы басталды
Биыл Ислам даму банкінің қызметіне - 40 жыл. Осы уақыт аралығында 100-ден аса мемлекет аталған банктің мүшесі атанды. Қаржы секторының бекітілген капиталы бүгінде 150 миллиард АҚШ долларына жеткен. Ал сыртқа шығарылғаны 75 миллиард АҚШ долларынан асып-жығылады.
Бұл - қырық жылдық қызметтің нәтижесі. Енді алда тұрған міндетті айқындап алу қажет. Осы мәселе бүгін Алматыда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Әсет Исекешевтің қатысуымен өткен Ислам даму банкі құрамына кіретін елдер тобының жоғары деңгейдегі өңірлік форумында талқыланды.
Тараптардың айтуынша, Қазақстан мен Ислам даму банкі арасындағы қарым-қатынас соңғы жылдары қарқынды дамуда. Сондықтан, ірі қаржы орталығының өкілдері елдегі экономикалық маңызды төрт жобаны қаржыландыруға ниет білдіріп отыр. Олардың қатарында, жаңартылған қуат көздері, алюминий және әйнек өндірісі мен астық қоймасының құрылысы бар.
Әсет Исекешев, ҚР Премьер министрінің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі:
Екі жыл бұрын Ислам даму банкімен бірлесіп, 500 миллион АҚШ долларына мемлекеттік жобаларды қаржыландырдық. Негізгі басымдық жеке секторға бағытталып, қаржы толықтай игерілді. Қазір астық нарығын қаржыландыруды қолға алмақпыз. Сондай-ақ, лизингтік компания құрғалы отырмыз. Ол шағын және орта бизнесті тікелей қаржыландыратын болады.
Айгүл ЕРМАХАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат жаңа форматта өтті
30.07.2026, 10:18
Каспий теңізінің ластануы туралы фильм көрсетілді
30.07.2026, 10:10
Президент семсерлесуден Әлем чемпионы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады
30.07.2026, 10:05
«Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі басталды
30.07.2026, 10:01
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10