Ұлттық экспорттық стратегия әзірленді
Қазақстанның Ұлттық экспорттық стратегиясы әзірленді. Әлемде уран, бидай және мұнай экспорты жөнінен көш бастап келсек, енді шикізаттық емес тауар түрлеріне басымдық беріледі.
Бірінші болып металлургия, химия және тамақ өнеркәсібінің өнімдері Азия мен Еуропаның сауда сөрелеріне шығарылады. Жаңа стратегияның басты мақсаты - осы, яғни, саланы әртараптандыру. Бұл туралы «Kaznex Invest» Экспорт және инвестициялар агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
Қазір біздің ел әлемдік экспортшылар тізімінде 42-орында келеді. Сыртқы сауда құны 2012 жылы 21,4 миллиард АҚШ долларына жеткен. Енді бұл көрсеткіштер еселенеді.
Себебі, ел экспортының сапалық құрылымы өзгертіліп, экспортшыларға арналған қаржылық қызметтердің тізімі кеңейтіледі. Сондай-ақ, арнайы заң жобасы әзірленіп, Парламенттің қарауына ұсынылады.
Қанат Қожамқұлов, «Kaznex Invest» Экспорт және инвестициялар агенттігі» АҚ Экспорттық сараптама департаментінің директоры:
Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында шикізаттық емес экспорттың үлесін 2025 жылға дейін екі есе, 2040 жылға дейін үш есе арттыруды белгілеп берді. Осыған байланысты Индустриялық даму бағдарламасының келесі бес жылға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Онда осы саланы әртараптандыру қарастырылған. Осыған сәйкес Ұлттық экспорттық стратегия әзірленді.
Досымжан ЕРМҰРАТ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат жаңа форматта өтті
30.07.2026, 10:18
Каспий теңізінің ластануы туралы фильм көрсетілді
30.07.2026, 10:10
Президент семсерлесуден Әлем чемпионы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады
30.07.2026, 10:05
«Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі басталды
30.07.2026, 10:01
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10