Қызылордада 52 адам «Финстатус» компаниясының өкілдеріне алданған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада 52 адам «Финстатус» компаниясының өкілдеріне алданған

04.05.2017

Қызылорда облысындағы Амангелді ауылының 52 тұрғыны алаяқтарға алданды. «Финстатус» атты компанияның өкілдері «несиеңді жауып беремін, көмектесемін» деп жұртшылықтың сеніміне кірген.  Ұрылардың сөзіне ерген көпшілік  қолындағы бар ақшасын жиып-теріп берсе, енді бірі  тағы несие алып, қарызға батқан. Осылайша азаматтар көмек түгілі, өздері берген қаржыны да қайтара алмай сан соғып қалған.

Прокуратура тұрғындардан түскен шағым бойынша тексеру жүргізді. Соның негізінде «Финстатустың» Қызылорда облысындағы бөлімшесінің  жұмысы тоқтады.  Ал, іс сотқа жолданды.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу