Ресейдің 26 өңірі су тасқынынан зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің 26 өңірі су тасқынынан зардап шекті

05.04.2024

Солтүстіктегі көршіміз-Ресейдің 26 өңірі де, көктемгі су тасқынынан зардап шекті. 500-ден аса үй мен екі мыңнан астам жер телімін су басты. 100-ге жуық көпір мен ондаған жолды су шайып кетті. Алтай өлкесінде төтенше жағдай жарияланып, 40 елдімекенді су басты. Қазір аймақта 4 мың адамды жайғастыру үшін уақытша орталықтар ашылған. Орынбор облысындағы жағдай да, көңіл көншітпейді. Қарғын су облыс орталығындағы аудандарға жеткен. Қауіпті аймақтағы тұрғындар жаппай эвакуацияланып жатыр.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу