Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны қаупі төнген 92 ауыл бақылауда

02.03.2020

Солтүстік Қазақстан облысында, 92 елді мекенге тасқын қауіпі төніп тұр. Казгидромет мамандары наурызда күрт жылынып, жауын-шашынның айлық мөлшері еселенетінін ескертеді. Сондықтан Есіл өзені арнасынан асса, бірнеше елді мекен су астында қалуы әбден мүмкін. Қазір бұл ауылдарды Төтенше жағдай департаментінің мамандары күні-түні бақылап отыр. Ал былтыр облыста 90-нан астам елді мекен су тасқынынан зардап шеккен болатын.

Сағындық СӘБИТ


Хабарламаларға жазылу