«Ел қорғаны» медалі тапсырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ел қорғаны» медалі тапсырылады

10.03.2017
Қазақстан Қарулы күштерінің 25 жылдығы қарсаңында «Ел қорғаны» деп аталатын I, II дәрежелі медаль табысталатын болады.

Қорғаныс саласындағы әскерилерге берілетін наградалар қатары тағы бір медальмен толықпақшы. Қазақстан Қарулы күштерінің 25 жылдығы қарсаңында «Ел қорғаны» деп аталатын I, II дәрежелі медаль табысталатын болады.

Бұл туралы бүгін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен комиссия отырысында айтылды. Қызмет бабында зор жетістікке жеткен әскери қызметшілерді марапаттауға арналған бұл награданы Қорғаныс министрлігі ұсынған болатын. Мекеме басшысының айтуынша, бастаманы Мемлекет басшысы да қолдап отыр.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу