Ел қорғаны - «Арыстан» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел қорғаны - «Арыстан»

31.01.2016
Ел қорғаны - «Арыстан»

«Арыстан» лицейі – болашағын әскери қызметпен байланыстыратындар, Қарулы Күштердің кадрлық офицері болуды, туған елінің қауіпсіздігін нығайтуға үлес қосуды армандайтындарға арналған мектеп.

«Арыстан» лицейі – әскери тәртіпке құрылған, физика, математика, информатика, ағылшын және қазақ тілдерін тереңдетіп оқытатын интернат типті мемлекеттік емес орта білім беретін оқу орны.

Лицейліктер ҚР ҚК-нің Құрлық әскері Әскери институтының оқу орталығында оқуға мүмкіндік алады, дала жағдайындағы әскери шеберліктің практикалық дағдыларын меңгереді.

«Ақсауыт» әскери-патриоттық бағдарламасынан бүгін 09:00-де «Арыстан» әскери мектебі туралы толығырақ біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу