Қазақстанның қарулы күштері – ел қорғаны - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның қарулы күштері – ел қорғаны

12.05.2021

Қарулы күштер - Тәуелсіз елдің қорғаны әрі берік қалқаны. Егемендік алғалы бергі уақытта заман талабына сай дамыды, әлеуетін арттырды. 30 жылда елімізде әскердің жаңа бейнесі қалыптасты. Жауынгерлік даярлық жылдан жылға шыңдалып, қарулы күштер мол тәжірибе жинақтап жатыр. Тәуелсіздік жылдарында Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында 13 оқу-жаттығу полигоны құрылған еді. Қазір олардың саны 30-ға жетті. Кәсіби біліктілігі жоғары, әрі жаңа әскери техникалармен жарақтандырылған армия құрылды. Жойғыш ұшақтар, соққы беретін тікұшақтар, ұшқышсыз басқарылатын аппараттар мен жауынгерлік кемелер, бронды әскери техникалар қарулы күштертің қуатын арттырды.


Бекжан Мырзағалиев, ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық саясат департаментінің аға офицері:
Жыл сайын Қарулы күштер қазіргі заманғы қауіп-қатерлердің қажеттілігі мен сыйпатына сәйкес техника мен қару-жарақтың жаңа үлгілерін сатып алуда. Бүгінде жеке құрам отандық өндіріс шығарған жеке қорғану құралдарымен, жауынгерлік жабдықпен қамтамасыз етілген.


30 жылда Қарулы күштерде және басқа әскери құрылымдарда 1 млн-ға жуық азамат әскери борышын өтеді. Қазір 32 мыңнан астам сарбаз мерзімді әскери қызметін өтеп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі, Күзет қызметі, Ұлттық Ұлан мен Шекара қызметін қосқанда жыл сайын 35 мыңға жуық азамат әскер қатарына шақырылады. Қарулы күштер – ел қорғаны. Қолда барға тоқмейілсуге болмайды, дейді ведомство өкілдері. Сондықтан, жаһандық сын-қатерлерді ескере отырып, әскерімізді жетілдіре түсу жұмыстары үздіксіз жалғасатын болады. 

қарулы күштер тәуелсіздікке 30 жыл

Хабарламаларға жазылу