Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елорда тұрғындары мен қонақтарын Отан қорғаушылар күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елорда тұрғындары мен қонақтарын Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

07.05.2017
Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елорда тұрғындары мен қонақтарын Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елорда тұрғындары мен қонақтарын Отан қорғаушы күні мерекесімен құттықтады. Әкімнің құттықтауының мәтіні елорда әкімдігінің арнайы сайтында жарияланды.

«Құрметті астаналықтар және қала қонақтары! Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн бүгінде барша ел болып атап өтетін маңызды мерекеге айналды. Халқымыз ежелден-ақ «Ер - ел қорғаны, батыр - халық қалқаны» деп елге сүйеніш, жұртқа пана болған ерлерді ерекше ардақ тұтқан.

Жеңіспен өрілген ұлы тарихымыз Отан үшін от кешкен Толағайларға кенде емес. Халық өз батырын құрмет тұтқан. Елдік жолында күрескен ұландар қашан да ұлықтауға лайық. Бүгінде өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған Қазақстан Қарулы Күштерінің әскері айбынды, әрі мемлекеттің берік қорғаны.

Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен қорғайтын қырандарымыз көп болғай. Аспанымыз әрдайым ашық, халқымыз бақытты болсын!»-делінген әкімнің құттықтауында. 

Хабарламаларға жазылу