Шығыс Қазақстанда демалыс күндері жолда қалған жолаушылар құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда демалыс күндері жолда қалған жолаушылар құтқарылды

04.01.2022

Шығыс Қазақстанда демалыс күндері қар құрсауында қалып қойған жолаушылар құтқарылды. Аягөз-Қарауыл автотрассасында қыстаққа апарар жолда бес адам мінген көлік иесі көмек сұрап, қоңырау шалған.

Жолаушылардың үшеуі - бала. Құтқарушылар жолды тазалап, оларды Аягөз қаласына дейін жеткізіп салған.

Сондай-ақ, Ресей шекарасына жақын маңдағы Семей тасжолында да 2 ересек адам, 3 бала отырған көлік сынып қалған. Өскемен қаласында да 4 жас жігіт мінген автокөлік қалың қар басқан Шешек асуынан өте алмаған. Оларға да құтқарушылар көмек көрсетті.


Хабарламаларға жазылу