Солтүстікқазақстандық құтқарушылар қысқа толықтай әзір - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстікқазақстандық құтқарушылар қысқа толықтай әзір

06.11.2015
Солтүстікқазақстандық құтқарушылар қысқа толықтай әзір
«Қыс-2015» оқу-жаттығу жиыны жылдағы дәстүрге сай ұйымдастырылды. Мамандар қар басып қалған адамдарды құтқарып, медициналық көмек көрсетулері тиіс.

Тек жаттығу кезінде ғана емес, мұндай жағдайдаларды нақты өмірде бастан кешіргендіктен құтқарушылар тосылған жоқ. Бұған қоса, олар өндірістік аймақтағы өртті сөндіру мен адамдарды құтқару операциялары кезінде де шеберлік көрсетті.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу