Шығыс Қазақстанда қар құрсауында қалғандар құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда қар құрсауында қалғандар құтқарылды

23.11.2021

Шығыс Қазақстанда қар құрсауында қалып қойған жолаушыларға көмек көрсетілді. Олардың көлігі қатты боран соққанда тас жолдың бойында тұрып қалған.

Ұлан ауданындағы екі ауылдың ортасында қарға батқан көлік жүргізушісі 112 нөмеріне хабарласып, көмек сұраған. Құтқарушылар 1 сағаттың ішінде жолды ашып, адамдарды қар құрсауынан шығарып алды. Осы аудандағы шаруа қожалығының жұмысшыларына да көмектесті. 3 күн қатарынан боран соғып, шопандар қыстақтан шыға алмай қалған. Олар қалаға жеткізілді. Бүгін де облыс аумағының басым бөлігінде ақ түтек боран соғып тұр. Төтенше жағдайлар қызметі халыққа алыс жолға шықпауға кеңес беріп жатыр.


Хабарламаларға жазылу