Каспий құбыры консорциумы қазақтың «қара алтынын» әлемдік нарыққа шығаратын құбыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспий құбыры консорциумы қазақтың «қара алтынын» әлемдік нарыққа шығаратын құбыр

31.01.2017
Құрамына Қазақстан мен Ресей тарапы және бірқатар шетелдік компаниялар кіретін осы консорциум өткен жылды табысты аяқтады.

Қазақтың «қара алтынын» экспорттауда Каспий құбыры консорциумының маңызы зор. Себебі, еліміздің батысында өндірілген мұнай бұл консорциуымның Қазақстан мен Ресей аумағы арқылы тартылған мың жарым шақырымдық құбыры арқылы Қара теңізге жеткізіліп, сол жерден танкерлермен әлемдік нарыққа жөнелтіледі.

Құрамына Қазақстан мен Ресей тарапы және бірқатар шетелдік компаниялар кіретін осы консорциум өткен жылды табысты аяқтады. Бұл туралы Мәскеу қаласында өткен баспасөз-мәслихаты кезінде Каспий құбыры консорциумының бас директоры Николай Горбань мәлімдеді.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу