Еліміз шикізатты тағы 3 бағытқа экспорттай алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміз шикізатты тағы 3 бағытқа экспорттай алады

25.03.2022

 Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалындағы жөндеу жақын арада аяқталмаса, Қазақстан шикізатты 3 бағыт бойынша экспорттай алады. Дегенмен бұл мұнай сапасына әсер етуі мүмкін. Сонымен бірге кейбір бағыт бойынша тасымалдау қуаты төмен. Бұл қандай балама бағыттар? Тікелей байланысқа қосылған әріптесім Ақерке Бектастан білсек. Қайырлы күн, Ақерке!

Ақерке Бектас, тілші

Қайырлы күн, Қонысбек! Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, Атыраудан Самараға дейінгі мұнай құбыры арқылы шикізатты жеткізуге болады. Бұл құбыр арқылы қазір еліміз 7 млн тоннаға дейін қара алтын экспорттай алады. Бірақ бұл жол оның сапасына кері әсер етеді. Каспий құбыр консорциумы "сиписи брент" сапалы мұнайды тасымалдап келді. Ал енді оны Атырау Самараға шығарсақ, оның сапасы өзгереді. Екінші балама бағыт - Ақтау теңіз порты. Кезінде бұл 12 млн тоннаға дейін кеңейтілген.

Болат Ақшолақов, ҚР энергетика министрі

 Бұл порт арқылы мысалы біздер қазіргі уақытта 5 млн тоннаға дейін жіберуге болады. 1:07 Бұның себебі Баку Әзербайжан жеріне жетіп, одан кейін Қара теңізге жеткізуге болады. Одан кейін кемемен апаруға болады тұтынушыларға. 1:20 Теміржолмен жеткізуге болады. Өкінішке орай бізде теміржолдың вагондары шектеулі болып тұр.

Ақерке Бектас, тілші

Ал Атасу-Алашаңқай мұнай құбыры арқылы тасымалдауға қазіргі құбырдың мүмкіндігі жетпейді. Министр сол үшін Атыраудан Кеңқияққа баратын құбырды кеңейту туралы тапсырма берілгенін айтты. Оның қуатын 12 млн тоннаға дейін жеткізуге болады дейді. Жалпы Атасудан Алашаңқайға баратын құбырдың қуаты 20 млн тонна. Қазіргі уақытта 11,5 млн тонна тасымалдап жатыр. Оның 10 млн тоннасы Қазақстан арқылы өтетін Ресейдің мұнайы.


Хабарламаларға жазылу