Каспий құбыры консорциумындағы жұмыстар қайта жандана бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспий құбыры консорциумындағы жұмыстар қайта жандана бастады

25.04.2022

Каспий құбыры консорциумындағы жұмыстар қайта жандана бастады. Ауа райы жақсарғаннан кейін мамандар су астына түсіп, жөндеу жұмыстарын жүргізген. Және танкер көмегімен шығарылатын құрылғыны толық тазалап шықты. Зақымдалған түтіктерді ауыстырып, жүйені бір тексеріп алған. Консорциум мәліметі бойынша қазір 3-ші мұнай құю құрылғысы қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр және танкерлерге қара алтын құйылып жатыр. Айта кетейік, Қазақстан мұнайының 80 пайызын Ресей арқылы Батысқа шығаратын Каспий құбыр консорциумының мұнай тасымалдайтын қондырғылары бір ай бұрын істен шығып, жұмысын ішінара тоқтатқан еді.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу