«Әзірет Сұлтан» мешітінде 11111-ші неке қиылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әзірет Сұлтан» мешітінде 11111-ші неке қиылды

13.01.2017
Он бір мың жүз он бір. «Әзірет Сұлтан» мешіті ашылғалы дәл осыншама жұп некелерін қидырған. Бүгін неке кітапшасына бес бірдей «бір» саны таңбаланған ерекше куәлік Руслан мен Кәмшат есімді елордалықтарға бұйырды. Отағасы есепші болып қызмет етсе, әйелі ұстаз. Жас жұбайлар 11111-ші болып тіркелуін жақсылыққа жорып, ырымдап отыр. Мешіт ұжымы реттік саны ерекше жұпқа тосынсый жасап, сыйлық тарту етті.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу