Халыққа қызмет көрсету орталықтары 12 сағаттық жұмыс кестесіне көшті

10.01.2017
Ірі қалалар мен облыс орталықтарындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары 12 сағаттық жұмыс кестесіне көшті. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады.

Бүгіннен бастап Астана, Алматы, Семей және барлық облыс орталықтарындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары таңғы 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Мамандардың айтуынша, 12 сағаттық жұмыс кестесі кезінде еңбек заңнамасы бұзылмайды.

Дулат АББИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу