Алматыда Халыққа қызмет көрсету орталықтары көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Халыққа қызмет көрсету орталықтары көбейді

29.06.2017

Мәселен, осы уақытқа дейін қала бойынша мұндай 9 мекеме болса, қазір олардың саны 18-ге жетті. Сондай-ақ, 20-ға жуық қызмет көрсету түрі пайда болды. Бұл тұрғындардың уақытын үнемдеуге септігін тигізеді. Бұдан басқа, орталықта мүмкіндігі шектеулі жандар үшін сурдоаудармашылар да жұмыс істеп жатыр. Ал, енді жүргізуші куәлігін алу үшін мамандандырылған орталыққа барудың қажеті болмайды. Өзіңізге ыңғайлы ауданнан ала беруге мүмкіндік туды. Ең тиімдісі, құжат дайын болғанда, ұялы телефонға хабарлама келеді. Ал, Әуезов аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы тұрғындарды түнгі он екіге дейін қабылдайды. «Бұл - азаматтар үшін қолайлы», - дейді мамандар.   

Хабарламаларға жазылу