Халыққа қызмет көрсету орталығы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халыққа қызмет көрсету орталығы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

27.09.2022

Еліміздегі сегіз облыста халыққа қызмет көрсету орталығы күшейтілген режимге көшкен. Бүгіннен бастап Астанада шетелдіктерді қабылдап жатқан жалғыз мұндай орталыққа 3 мыңдай азамат тиісті құжаттарды алып алған. Оларға орталықтың 20 қызметкері қызмет етуде. Орталыққа ағылып жатқандардың дені жеке сәйкестендіру номерін қажет етеді. Қазір жалғыз осы орталыққа 120-150 адам кезекте тұр. Көбінесе 25-35 жас аралығындағы IT саласында қызмет ететін мамандар. 

Вячеслав Баженов, IT маманы:

Орталық ұйымдастырушылық жағынан жоғары деңгейде істеп тұрғаны байқалады. Мен достармен Санкт-Петербург қаласынан келдім. Жергілікті қызметтер бір күннің ішінде бүкіл жұмыстарды ретке келтіріп, күшейтілген режимге көшкен. Өте жылдам. Керекті құжаттарымызды алуға бізді осы жерге жіберген.

Мәди Саданов, «Азаматтарға Арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы қалалық филиалының директоры:

Күшейтілген режимге көшкен себебіміз, шетелдік азаматтар көптеп келе бастағанда орталықтарымыздағы жұмысымыз баяулап, істен шығып кете жаздаған. Сондықтан біз осы мақсаттарға жеке қызмет ашуға шешім қабылдадық.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу