Шығыс Қазақстандағы ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстандағы ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді

07.09.2021

Шығыс Қазақстан облысында халыққа қызмет көрсету орталықтары бескүндік жұмыс аптасына ауысты. Аймақтың бас мемлекеттік санитар-дәрігерінің қаулысына сәйкес олар демалыс күндері жұмыс істемейді. Көк немесе жасыл статусқа ие тұрғындар үшін мемлекеттік қызметтерді алуға алдын ала кезекке тұру міндеті де алынып тасталған. Жаңа өзгерістерге сәйкес өңірдегі барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері таңғы 9-дан кешкі сағат 6-ға дейін жұмыс істейді. Өскемен және Семей қалаларында жұмыс күндері таңғы 9-дан кешкі 8-ге дейін кезекші бөлімнің қызметі де қарастырылған.


Хабарламаларға жазылу