Қарағандыда Халыққа қызмет көрсету орталықтары 4 мамырда ашылады

30.04.2020

Қарағандыда Халыққа қызмет көрсету орталықтары 4 мамырдан бастап ашылады. Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 27 сәуірден жұмысқа кірісетін ұйымдар мен мекемелер тізімінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары да бар. Алайда, әзірге бір терезе ғана жұмыс істеп тұр. Онда дайын құжаттарды береді. Ал қалған қызметтің барлығы тек онлайн түрде жүзеге асуда. Қазір орталықтарда әзірлік жұмыстары жүруде.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу