Орал қаласының Деркөл кентінде «Орал» спорттық-сауықтыру кешені ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орал қаласының Деркөл кентінде «Орал» спорттық-сауықтыру кешені ашылды

27.12.2014
Орал қаласының Деркөл кентінде «Орал» спорттық-сауықтыру кешені ашылды

Орал қаласының Деркөл кентінде көптен күтілген қуанышты оқиға болды. Атап айтқанда, құрылысы төрт жылға созылған «Орал» спорттық-сауықтыру кешені салтанатты түрде ашылды.

«Жаңа жыл қарсаңында ашылған бұл кешен осындағы барлық тұрғындар, әсіресе, жастар үшін аса қажет. Өйткені Елбасымыздың өзі жас ұрпақтың саулығына ерекше мән беріп отыр. Бұл спорт кешенінің құрылысы қаржы тапшылығы салдарынан біразға созылып кетті. Дегенмен облыс әкімі Нұрлан Асқарұлының тікелей қолдауымен қаржы бөлініп, құрылысты аяқтадық. Баршаңызды өңір басшысының атынан және өз атымнан осынау үлкен қуанышты оқиғамен құттықтаймын», - деді Алтай Сейдірұлы. Қала әкімі кешенге «Паз» автобусы мен «Газель» көлігін сыйға тартты.

«West Trade Company» ЖШС салған спортттық кешеннің аумағы - 5038,4 шаршы метр. Құрылыс құны 308 млн. теңге. Жастар мұнда спорттың бокс, ауыр атлетика, қазақ күресі, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, шағын футбол түрлерінен шеберліктерін шыңдайтын болады.

Хабарламаларға жазылу