ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығын тағайындау - журналистер еңбегіне лайықты баға берудің игілікті шарасы

21.06.2016
ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығын тағайындау - журналистер еңбегіне лайықты баға берудің игілікті шарасы

Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығын тағайындау, гранттарын тапсыру және алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның отырысы өтті.

«Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Президенттің сыйлығын тағайындау, гранттарын тапсыру және алғысын жариялау журналистер еңбегіне лайықты баға берудің игілікті шарасы деп ойлаймыз. Өздеріңізге белгілі, жыл сайын конкурстың деңгейі артып келе жатыр, қатысушылардың саны да арту үстінде», - деді отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы. 

Г.Әбдіқалықова өз сөзінде «Қазақстан - 2050» стратегиясының маңыздылығы мен мәнін, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын халыққа жеткізу, терең түсіндіру  жұмыстарындағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін айрықша атап өтті.

«Сондықтан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев отандық ақпарат саласының дамуына айырықша көңіл бөліп келеді. Биыл еліміз үшін ерекше жыл. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өтеміз. Әрине, осы конкурсқа қатысушыларға да осыны ескеріп, талап қоюымыз қажет деп ойлаймын. Бұл марапатты кәсіби шеберлігімен көзге түскен ақпарат құралдары өкілдері иеленетін болады. Өздеріңіз білесіздер, Президент сыйлығы ең үздік 2 журналиске беріледі және Президент гранты да ең үздік 2 журналиске беріледі. Сонымен қатар 4 журналиске алғыс жариялауды ұсынып отырмыз», - деді Г.Әбдіқалықова. 

Мемлекеттік  хатшының атап өтуінше, Президенттің гранттары, сыйлықтары мен алғысына үміткерлерден 78 жұмыс келіп түскен.

Хабарламаларға жазылу