ҚР Президентінің БАҚ өкілдеріне арналған сыйлығын тағайындау жөніндегі комиссияның отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Президентінің БАҚ өкілдеріне арналған сыйлығын тағайындау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

20.06.2014
ҚР Президентінің БАҚ өкілдеріне арналған сыйлығын тағайындау жөніндегі комиссияның отырысы өтті
ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығын тағайындау, гранттарын тапсыру және алғысын жариялау жөніндегі Қоғамдық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайдыАқорданың баспасөз қызметі. 

Отырысқа комиссия мүшелері – бұқаралық ақпарат құралдарының, шығармашылық одақтардың, журналистер қоғамдық бірлестіктерінің және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Отырысқа қатысушылар бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттілікті нығайтудағы маңызды рөліне назар аударды.

Биыл Қоғамдық комиссия атына 57 ұсыным келіп түсті, соның ішінде 48-і - журналистерге, 9-ы - шығармашылық ұжымдарға қатысты болды. Бұл ретте 41 ұсынымды баспасөз, 16 ұсынымды электронды БАҚ жолдады.

Комиссия мүшелері журналистік жұмыстар деңгейінің жоғары болғанын, сондай-ақ олардың Қазақстанның бүгінгі дамуындағы маңызды қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жариялап, көрсетуге қосқан үлесін атап өтті.

Талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық комиссия ашық дауыс беру арқылы БАҚ өкілдеріне Президенттің екі сыйлығын тағайындау, екі грантын тапсыру және Президенттің алғысын төрт шығармашылық ұжымға жариялау жөнінде Мемлекет басшысына ұсыныс беру туралы Қаулы етті.

 

 
 

Хабарламаларға жазылу