ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы мен гранттары тапсырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы мен гранттары тапсырылды

27.06.2014
ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы мен гранттары тапсырылды
 
Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбеков Қазақстан Президентінің  БАҚ саласындағы сыйлығы мен гранттарын тапсырып, алғысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған Мемлекеттік хатшы отандық журналистиканың басты міндеттерінің бірі - ел басшылығы қойған мақсаттарға жету үшін қазақстандықтарды ұйыстыру, бірыңғай қазақстандық жалпыұлттық бірлікті қалыптастыру, патриотизмді нығайту болып саналатынын баса айтты.
 
Сонымен, ҚР Президентінің сыйлығы «Жас қазақ» газетінің бас редакторы С.Смайылға, «Время» газетінің бас редакторы Л.Тараковқа берілді.
 
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тілшісі Жайнагүл Төлемісоваға, «КТК» телеарнасының Астанадағы тілшілер қосының жетекішісі Я.Красиенкоға  табысталды.
 
Ал ҚР Президентінің Алғыстары «Айғақ» телерадиокомпаниясының, «Қазконтент» акционерлік қоғамының, «Коре ильбо» газетінің, «Мир» мемлекетаралық компаниясының Қазақстандағы ұлттық филиалының шығармашылық ұжымдарына жарияланды.

Хабарламаларға жазылу