Ақтөбеде инновациялық жобалар форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде инновациялық жобалар форумы өтті

18.03.2016
Ақтөбеде инновациялық жобалар форумы өтті
Білім мен өндіріс аясындағы ауқымды шараға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің басшылығы мен оқытушы-ғалымдары қатысты.

Мақсат - кәсіпорындардың қызметіне инновация мен соңғы жаңалықтарды енгізу. Форум аясында ашылған көрмеде отандық ғалымдар өздерінің соңғы жетістіктерін көрсетті.

Мәселен, қазір үш күнде тұрғын үй салып жатқан қытайлықтардың 3Д принтерінің шағын нұсқасы Ақтөбеге де жеткен. Соңғы бір айдың көлемінде өңірге арнайы шақырылып, зерттеу, талдау жұмыстарын бастаған Ұлттық университет басшылығымен облыс әкімі кездесіп ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу