Шымкентте инновациялық жобалар байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте инновациялық жобалар байқауы өтті

03.11.2014
Шымкентте инновациялық жобалар байқауы өтті

Шымкентте жас ғалымдар арасында ақпараттық технологияларды дамыту бойынша инновациялық жобалар байқауы өтті.

Онда үміткерлер өздерінің  тың жобаларын ұсынып, көпшілік алдында таныстырды.

Кейбірі тіпті, таза қазақ тілінде танымдық телеарна ашып, тәулік бойы онлайн режимінде дүниежүзі қазақтары көре алады десе, енді бірі науқастанған азаматтарға ғаламтор арқылы диагноз қоюға болатынын өздігінше дәлелдеді.

Қатысушылар бас-аяғы 10 жобаны қорғап шықты. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде қалада көлік кептелісін болдырмау үшін жасалған «Оңтүстік картасы» жобасының авторына бұйырды.

 

Нұрлан НҰРБЕКОВ

Хабарламаларға жазылу