Марат Қожықов: Германиямен экологиялық мәселелер бойынша тың идеялар алмасуды жалғастырамыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марат Қожықов: Германиямен экологиялық мәселелер бойынша тың идеялар алмасуды жалғастырамыз

14.05.2015
Марат Қожықов: Германиямен экологиялық мәселелер бойынша тың идеялар алмасуды жалғастырамыз

Астанада Carbon.kz ІІ Халықаралық форумы өтті.

Шараның басты мақсаты -  қоршаған ортаның көкейкесті мәселелерін талқылау және оның шешілу жолдарын қарастыру.

Жиынды ұйымдастыруға Қазақстанмен қатар, Германияның Қоршаған ортаны қорғау федералды министрлігі атсалысты.  

Бүгін қос елдің білікті мамандары «Парниктік газ шығындарына берілетін квоталар мен сауда-саттық жүйесі» тақырыбында пікірталас өткізді.

«Германиямен байланысымызды үзбей, инновациялық жобалар мен тың идеялар алмасуды жалғастырмақпыз», дейді «Қазақстанның верификаторлар қауымдастығы» БҚ төрағасы Марат Қожықов.

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу