«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы көрермендер назарына «Әке» атты көркем телехикая ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы көрермендер назарына «Әке» атты көркем телехикая ұсынады

24.02.2016
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы көрермендер назарына «Әке» атты көркем телехикая ұсынады
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы көрермендер назарына «Әке» атты көркем телехикая ұсынады
Фильмнің мазмұны жалғызбасты әкенің өмірі туралы өрбиді. Жарынан айырылған жалғызбасты әке қызы мен ұлын ертіп, ауылдан Алматыға көшіп келеді. Балаларының болашағына алаңдаған ол қалада жақсы жұмысқа орналасып, үлкен мүмкіндіктер мен бақытты өмірге қол жеткізуге болады деп сенеді.

Балаларын қатарынан кем қылмай оқытып, олардың үлкен өмірге дұрыс қадам басуына көмектескісі келеді. Бірақ, балалары қала өміріне бейімделе қоймайды. Әкелері өзіне оңтайлы жұмыс іздеп, көп қиналады. Өмірдің қадам басқан сайын алдыңнан шыға келетін сан түрлі қиындықтарына шыдас беруге әкенің күші жете ме? Әкелеріне деген балалық махаббаты сөнуге айналған сәтте бауыр еті балаларының өзіне деген кіршіксіз махаббаты мен сенімін кері қайтару жолында әке қандай тәуекелдерге барады?

Сериалда осы мәселелер қозғалмақ. Сериал көрермендерге наурыз айында жол тартады. Сценарий авторы - Асқар Ұзабаев, Сергей Литовченко, Салтанат Мұхтарова. Қоюшы режиссері - Асқар Ұзабаев. Актерлар - Азат Сейтіметов, Жұлдыз Әнуарова, Әлихан Байсұлтан.

Хабарламаларға жазылу