11 ақпаннан бастап Ұлттық арнадан «Ғашықтар» атты жаңа телехикая басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

11 ақпаннан бастап Ұлттық арнадан «Ғашықтар» атты жаңа телехикая басталады

30.01.2017
11 ақпаннан бастап Ұлттық арнадан «Ғашықтар» атты жаңа телехикая басталады

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы көрермендеріне «Ғашықтар» атты жаңа драмалық телехикая ұсынады.  

Түркиялық фильм Керім және Азар есімді ғашықтардың өмірін баяндайды.

Кедей отбасынан шыққан Керім баюдың қандай жолы болсын таңдауға даяр. Ал, сүйіктісі Азар оның жолында жанын пида етуге бар. Сөйтіп жүргенде бұлар ем қонбайтын дертке шалдығып, санаулы күні қалған, аса ауқатты Шабнем есімді қызбен танысады. Қызды өзіне қаратса, мол байлыққа кенелетінін ойлаған Керім айлаға басады.

Рөлдерде: Xазал Кайа, Небахат Чехре, Хакан Картюш, Аслы Тандоан.

Телехикая 11 ақпаннан бастап көрсетіле бастайды.

Хабарламаларға жазылу