Жаңа телехикая көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа телехикая көрсетіледі

11.12.2015
Жаңа телехикая көрсетіледі
Жаңа телехикая көрсетіледі

Желтоқсанның 16-17 күндері «Қазақстан» ұлттық арнасында «Арнайы өкілдер» атты телехиқаяның тұсауы кесіледі. Отандық арнайы қызметкерлердің қалыптасуы және кәсіби өсуі туралы сыр шертетін детективті кино жанрында түсірілген қазақстандық көркем хикая алғаш рет эфирге шығарылғалы отыр.

Телехикаяның әрбір бөлімінде жаһандық қауіпсіздік жүйесінің қолданыстағы тенденцияларының биігінен көрінген қазақстандық барлау және қарсы барлау қызметкерлерінің образдары сипатталады.

Көрермендер 90 жылдары бастау алып, ҰҚК органдары қызметкерлерінің түрлі тағдырларымен қиылысып, бүгінгі күнге ұласқан оқиғалардың куәсі болады.

Хикаяны «Қазақстан» телерадиокорпорациясының тапсырысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің көмегімен «Астанателефильм» ЖШС түсірді.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу