«Қазақстан» Ұлттық арнасы көрермендер назарына «Аяулы арман» атты көпсериялы драмасын ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық арнасы көрермендер назарына «Аяулы арман» атты көпсериялы драмасын ұсынады

16.03.2016
«Қазақстан» Ұлттық арнасы көрермендер назарына «Аяулы арман» атты көпсериялы драмасын ұсынады

Фильмнің негізіне Аңсар, Беркін, Едіге және Көркем атты төрт жетімнің тағдыры алынды. Олардың әрқайсысы өзінің асқақ армандарына сеніп, мақсаттарының орындалуынан үміттенеді.

Нақты ғылымдар мен өздігінен дамуға бейімі бар Аңсар ұшқыш болуды армандайды. Ол бала кезден бастап өзінің туған ата-анасы туралы бар шындықты білуге асығады. Олардың қандай жағдайға ұшырап, өзінің балалар үйіне қалай түскенін білгісі келеді.

Беркін – тұйық, бірақ жақсы өмірді армандайтын пысық жігіт. Ал, Едіге болса айналасындағы адамдарға деген мейірімділігімен ерекшеленеді. Ол музыкант болуды және музыкалық байқаулардың бірінде жеңуді армандайды.

Олардың шым-шытырық оқиғаларға толы өмірлері Алматыға көшіп келгеннен басталады. 

Әрине, фильмде махаббат тақырыбы да назардан тыс қалмайды. Бас кейіпкерлер түрлі сезімдерге бөленіп, махаббаттың ыстық-суығына күйіп-тоңады. Үш достың әрқайсысына борыш, сезімі мен жаңа мақсаттар жолында өзінің бала армандарынан бас тартуға келеді.

Туған ата-анасы кім және қандай адамдар болғанын Аңсар біле алар ма екен? Әділдікті орнату достардың қолынан келе ме? Көрермендер бірінші көріністерден-ақ баурап алатын үш жетімнің өмірі туралы түсірілген көп сериялы драманы көріп, осы және басқа да көптеген сұрақтарға жауап алады.

Хикая шытырман оқиғаларға, романтикаға және түрлі қисындағы сюжеттерге толы.

«Аяулы арман» көп сериялы драмасын «Қазақстан» телерадиокорпорациясының тапсырысымен «Көркем фильм» ЖШС түсірген болатын. Сценарий авторлары – Ильхам Джалилов және Рашид Сүлейменов, кинотуындының режиссерлері - Айбек Дайырбеков пен Анна Дранникова.

Продюсер Райхан Әбдешева. Басты рөлдерді сомдаған Қуаныш Керімқұлов (Беркін), Шәріп Серік (Едіге), Ербол Семқұлов (Ансар), Раушан Ермағанбетова (Көркем) және Айгерім Айдар (Тоғжан).

«Аяулы арман» хикаясының тұсаукесерін 2016 жылғы 31 наурыз күні сағат 21:00-де «Қазақстан» телеарнасынан тамашалаңыздар!

Хабарламаларға жазылу