Астанада «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі аяқталды (ФОТО)

06.06.2016
Астанада «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі аяқталды (ФОТО)

5 маусым күні Астанада ҚР Қарулы Күштерінің авиациялық базасында IV  халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі аяқталды. Авиациялық базада ту түсірілді,  бұл «KADEX-2016» көрмесінің жабылуын білдіреді, деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Мыңдаған келушілер, ондаған қол қойылған келісімдер, ашық және жабық алаңдарда ұсынылған әскери техниканың жүздеген үлгілері, қазақстандық және шетелдік фототілшілермен түсірілген мыңдаған түсірілім. Мұның барлығы «KADEX-2016» көрмесі туралы адамдардың есіңде ұзаққа дейін сақталады.

4 күн ішінде қазақстандық және шетелдік қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің күш-қуаты көрсетілді. Атап айтқанда, ZLIN  оқу ұшақтары, C-295 жеңіл көлік ұшақтары, Су-30 СМ жойғыштары, Ми-171Ш тікұшақтары, ұшқышсыз ұшу аппараттары, «Арлан», «Барыс» броньдалған машиналары, жаңғыртылған танктер - осының барлығын және көптеген өзге де қызықтарды статика мен іс-қимылда көруге мүмкіндік болды.

Одан басқа, көрменің маңызды құрамдасы іскерлік бағдарлама, яки,  халықаралық әскери ғылыми-техникалық конференция, тұсаукесерлер, дөңгелек үстелдер болды. Демонстрациялық және іскерлік бағдарламалар негізгі міндетке қол жеткізуге, яғни, қорғаныс-өнеркәсібі кешенін қарқынды дамытуға, инвестицияларды тартуға, жетекші халықаралық өндірушілермен әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.

Ашық есік күндері, яғни, 4-5 маусымда көрмеге адамдар көптеп шоғырланды.  Қазақстан мен өзге елдердің қорғаныс-өнеркәсібінің әлеуетін көру үшін қонақтар бүкіл отбасы болып жиналды.

Егер ересектер экспонаттардың техникалық сипаттамаларын зерделеп, қойылған үлгілерді салыстырса, балалар емін-еркін танктердің, броневиктердің, ұшақтар мен тікұшақтардың шынайы түптұлғаларын тамашалап, рахатқа бөленді.

Көрмені тамашалауға ниет білдіргендердің барлығы көрмеге автобуспен келуге мүмкіндіктері болды. Келушілердің қолжетімді бағаға тіске басар алып, әлденіп алулары үшін буфет және сауда дүңгіршектері жұмыс жасады. Көрме қонақтары үшін орталық әскери оркестрдің музыканттары плац-концерт қойып, құрмет қарауылы ротасы өз өнерлерін ортаға салды. 

Іс-шараның ауқымдылығы броньды танкті техника, мейлі, қару-жарақтың өзге де түрлері болсын, олардың пайдалану ғана емес, сонымен бірге жауынгерлік қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік берді.

Астанада «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі аяқталды (ФОТО)

Астанада «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі аяқталды (ФОТО)

Астанада «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі аяқталды (ФОТО)

Астанада «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі аяқталды (ФОТО)

Астанада «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі аяқталды (ФОТО)

Астанада «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі аяқталды (ФОТО)Астанада «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі аяқталды (ФОТО)Астанада «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі аяқталды (ФОТО)Астанада «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі аяқталды (ФОТО)Астанада «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі аяқталды (ФОТО)

Астанада «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі аяқталды (ФОТО)

Астанада «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі аяқталды (ФОТО)Астанада «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі аяқталды (ФОТО)

Астанада «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі аяқталды (ФОТО)

Хабарламаларға жазылу