Президенттің баспасөз қызметі фото байқау жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің баспасөз қызметі фото байқау жариялады

18.02.2016
Президенттің баспасөз қызметі фото байқау  жариялады
Президенттің баспасөз қызметі фото байқау  жариялады

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі «Тәуелсіздік – қазақстандықтар көзімен» атты фото байқау өткізетін болды. Бұл туралы Ақорданың facebook-тағы ресми парақшасында жарияланды.

Шара ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр. Конкурсқа әуесқой және кәсіби фотографтар қатыса алады. Жұмыстар тәуелсіздік жылдарында түсірілуі тиіс. Фотолардың форматына шектеу қойылмайды. Тіпті, мобильді құрылғылармен түсірілген фотоларды да жолдауға болады. Алайда, әрбір фотоның мән-мазмұнын сипаттап жазу міндет саналады.

Байқаудың жеңімпазына 1 млн теңге жүлде тағайындалып отыр. Екінші орын иегеріне фотоаппарат, үшінші орын алған адамға планшет сыйға беріледі.

Байқаудың қазылар алқасына Президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев төрағалық етсе, қазылар ретінде кәсіби фотограф Валерий Коренчук, продюссер Баян Есентаева, «Мейірімділік» қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин, фотографтар Эльмар Ахметов пен Дамир Өтегеновтер кірді.

Байқауға қатысу үшін жұмыстарды 2016 жылдың 18 ақпаны мен 18 сәуірі аралығында Ақорданың баспасөз қызметі akorda.press@gmail.com поштасына жолдауға болады. Ал, байқау қорытындысы 29 сәуірде жарияланады.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу