Ақорда «Наурызды» көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақорда «Наурызды» көрсетті

07.04.2023

Кім біледі, келешекте Ақорданы күзетуі мүмкін. Президенттің баспасөз қызметі Наурыз мейрамында мемлекет басшысына сыйға берілген төбет күшік - «Наурыздың» суреттері мен видеосын әлеуметтік желіде жариялады. Себеттегі кішкентай дірілдеген күшік, қазір әжептәуір өсіп қалған. Баспасөз қызметі «Наурыз» шапшаң қимылдайтынын жазды. Сонымен бірге, оның алғашқы аң аулауға шыққанын, жетістіктері мен өсуін міндетті түрде жариялап отыратындарын хабарлады.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу