Елордалық «Арай» саябағында «Спорттық отбасы - күшті мемлекет» байқауы өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық «Арай» саябағында «Спорттық отбасы - күшті мемлекет» байқауы өтуде

06.09.2014
Елордалық  «Арай» саябағында «Спорттық отбасы - күшті мемлекет» байқауы өтуде

Отбасы күні қарсаңында елордалық «Арай» саябағында «Спорттық отбасы - күшті мемлекет» байқауы өтуде. Оған жас отбасылар мен қазақстандық спортшылар қатысуда.

Олар 8 кезең бойынша шеберлік байқасады. Әрбір отбасы түрлі саладағы білімін көрсетіп, спорттық жарыстарда күш сынасады.

Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар түрлі аталым бойынша марапатталып, байқау жеңімпаздарына дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу