Астанада алғаш рет кардиохирургтар конгресі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада алғаш рет кардиохирургтар конгресі өтуде

01.09.2017

Жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінде өтетін кардиохирургтардың ауқымды конгресі биыл алғаш рет Астанада өтіп жатыр. Осымен 27-рет ұйымдастырылған басқосуда саланы дамытуға қатысты озық тәжірибелер мен заманауи әдістер талқыланады. Бүгін бас шаһарға жер-жаһанның 50 елінен 1000-нан астам кәсіби маман келді. Әлем кардиохирургтарының басын біріктірген халықаралық қауымдастық денсаулық сақтау саласындағы тың жобаларды жүзеге асыруда. Бұл жиынды өткізуге үміткер елдер жыл сайын іріктеу арқылы таңдалынады. Биыл бұл абыройлы міндет Қазақстанға бұйырды.

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу